Выйти
RU

Элизат Берікова екінші баласын дүниеге әкелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Кешью" тобында өнер көрсетіп, қалың көпшілікке танылған Элизат Берікова екінші сәбиін дүниеге әкелді. Өнер иесі жолдасына тағы да ұл бала сыйлаған. Ерлі-зайыптылар перзентіне қандай есім қойғанын KАZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Фото: Instagram/elizaberikova007. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/elizaberikova007. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Элизат Берікованың жанұясы тағы бір сәбимен толықты. Шоу-бизнес жұлдызы тағы да ұлды болды. Бұл қуанышты жаңалығымен әншінің өзі Instagram парақшасында бөлісті. Белгілі болғандай, дүние есігін енді ашқан баласының есімін әкесі қойған. Ол перзенті қасиетті айда өмірге келгендіктен оған Рамазан деген ат берген. э

"Рамазан айында дүниеге келген Рамазан! 20.05.2020 Адамнан адам шығу оңай емес! Атын Папасы койды. Құттықтап қойсаңыздар болады" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Элизат Беріклваның екінші баласына аяғы ауыр екенін хабарлаған болатынбыз.

Оған қоса, карантин уақытында да бірқатар өнер жұлдыздары да сәбилі болды. Мамыр айының басында Ғаділбек Жаңай ұлды болса, Нұржан Керменбаев көпбалалы әкелер қатарын толықтырды. Ол екі ұлдан кейін қызды болған.

Сонымен қатар, биыл 39 жастағы Дильназ Ахмадиева алғаш рет ана атанған болатын. Ол жұбайына ұл бала сыйлаған.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Элизат Берікова екінші баласын дүниеге әкелді
Mailfire view pixel