Выйти
RU

25 мамырдан бастап Қостанайда облысында бірнеше нысанның жұмысы қайта жанданбақ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қостанай облысында 25 мамырдан бастап карантинді жеңілдетудің жаңа кезеңі енгізіледі. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің қатысуымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қостанайда ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеуіне рұқсат берілді

Фото: arnapress.kz

Архимед Мұхамбетов коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өткізді. Бүгінде аймақта COVID-19 індетінің 112 жағдайы тіркелген, оның ішінде 50 адам сауығып, 2 науқас қайтыс болған.

Жедел штаб отырысында Жітіқара қаласын қоспағанда, облыс аумағында карантиндік іс-шараларды жеңілдетудің 4-кезеңін енгізу туралы шешім қабылданды.

Сонымен, 25 мамырдан бастап келесі нысандардың жұмысына рұқсат етіледі:

1. Азық-түлік емес сауда орталықтары мен дүкендер (алаңы 2000 ш.м. астам), сауда, ойын-сауық орталықтары;

2. Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары (даму, білім беру орталықтары, үйірмелер, факультативтер және т.б);

3. Банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар, атаулы іс-шаралар, сондай-ақ мектеп бітіру іс-шараларынан тыс, сағат 7-00-ден 22-00-ге дейін уақытта келушілер саны 30 адамнан аспайтын қоғамдық тамақтандыру объектілері, жазғы террасалар (үстелдерді арақашықтығы кемінде 2 метр);

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

4. Массаж салондары;

5. 30 адамға дейін репитиция өткізуге арналған кітапханалар, мәдениет объектілері;

6. 30 адамға дейінгі топтарға, оның ішінде тренажер залдарына жаттығу өткізетін спорт объектілері;

7. Қосымша қызмет көрсетусіз қонақ үйлер (СПА, бассейндер, жаттығу залдары, бильярд, кинозалдар, конференцзалдарды жалға алу).

"Ораза Айт мерекесін көпшілік қауымсыз, туған-туыстар мен жақындардың ортасында мерекелеуді ұсынамын. Қазір вирусқа байланысты тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп жатыр және карантиндік шараларды одан әрі жеңілдету туралы шешім эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, кезең-кезеңмен қабылданады", - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, бүгін Павлодар облысында сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысы қайта жанданғанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
25 мамырдан бастап Қостанайда облысында бірнеше нысанның жұмысы қайта жанданбақ