Выйти
RU

Аягөздегі интернатта төрт бала көз жұмды: Қайғылы оқиғаның мән-жайы айтылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Аягөздегі қайғылы жағдайды тексерген ведомствоаралық комиссия арнайы мектеп интернатындағы төрт баланың өліміне туа біткен аурулары себеп деген қорытынды шығарды. Шығыс Қазақстан облысының шенділері де карантинде жеткіншектердің көз жұмуына асқазан инфекциясы мен қызылшаның қатысы жоқ екенін білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"Балалар бір айдың ішінде әр түрлі уақытта қайтыс болды. Олардың туа біткен аурулары асқынып кеткен. Алғашқы жағдай 2-сәуірде болды. Ол кезде 2008 жылы туған бала көз жұмған. Дәрігерлердің шығарған қорытындысы: өлімге қызылшаға қатысы жоқ. Бұл туралы тиісті медициналық куәліктер мен актілер де бар. Жан тапсырған жеткіншектерден бұрын ата-аналары бас тартқан", - деді Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат.

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, орталықта психоневрологиялық патологиясы бар 18 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді. Бірақ олардың асқазанынан бактерияның табылуы көпшіліктің көңіліне күдік ұялатқан.

Интернат сәуір айында 750 мың теңгеге бекіре уылдырығын және 650 мыңға 60 келі қызыл балық сатып алыпты. "Қымбат балықтар балаларға берілді ме?" деген сұраққа Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жауап іздейтін болады.  

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

"Бұл оқиғадан кейін тиісті іс-шаралар қабылдаймыз. Нақтырақ айтсақ, аталмыш мекеме қазына қаржысын қалай жұмсағанын тексереміз. Тексерудің қорытындысы міндетті түрде жарияланады", - деді ведомство.

Қазіргі уақытта қайғылы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Осы оқиғадан соң арнайы интернаттың директоры мен оның орынбасары және бөлім басшысы тәртіптік жазаға тартылғаны белгілі болған.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы арнайы мектеп-интернатта оқитын төрт оқушы жұқпалы аурулар ауруханасында қайтыс болғанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Аягөздегі интернатта төрт бала көз жұмды: Қайғылы оқиғаның мән-жайы айтылды
Mailfire view pixel