Выйти
RU

Басқа адамның атынан ораза ұстауға бола ма: ҚМДБ жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы көпшіліктің басқа адамның атынан ораза ұстауға бола ма деген сауалына жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ fatua.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Басқа адамның атынан ораза ұстауға бола ма: ҚМДБ жауап берді

Көрнекі фото: azh.kz

"Жалпы құлшылықтарды үшке бөліп қарастырсақ болады. Тек қана мал-мүлікпен ғана жасалатын құлшылық, дене мүшелерімен ғана жасалатын құлшылық, дене мүшелерімен және мал-мүлікпен жасалатын құлшылық.  

Бірінші, мал-мүлікпен ғана жасалатын құлшылық. Оған зекет, садақа және кәффарат төлеу секілді құлшылықтар жатады. Мұндай құлшылықтарды біреу арқылы барлық жағдайларда атқаруға болады.  

Екінші, дене мүшелерімен ғана жасалатын құлшылық. Бұған намаз, ораза секілді құлшылықтар жатады. Мұндай құлшылықтарды біреудің орнына біреу атқаруына мүлде болмайды.  

Үшінші, дене мүшелерімен және мал-мүлікпен жасалатын құлшылық. Оған қажылық сияқты құлшылықтар жатады. Мұндай құлшылықта біреудің орнына тек қана орындай алмайтын әлсіз болған жағдайда ғана орындауға рұқсат етіледі.  

Ораза, намаз дене мүшелерімен ғана жасалатын құлшылық болғандықтан біреудің орнына біреу атқаруына болмайды.   Денсаулығы жарайтын, кәмелетке толған, ақыл-есi дұрыс мұсылман оразаны өзі ұстайды. Ал ауруынан жазылуынан күдер үзген науқастар және жасы үлкен егде адамдар ауыз бекітуге шамасы келмесе, ораза ұстамайды. Оның орнына підия береді.

Тағы да оқыңыздар

Дұрыс тамақтану ережелері

Қайтыс болған адам ұстай алмаған ораза күндері үшін підия беруді өсиет еткен болса мирасқорлары артынан қалған мал-дүниесінің үштен бірінен береді. Ал егер өсиет етпеген болса мирасқорлары оның атынан підия беруі міндет емес. Алайда берген жағдайда шариғатта оған ешқандай тыйым жоқ.  

Алайда намаз оқып, ораза ұстап, садақа беріп, оның сауабын дүниеден өткен және тірі адамдарға бағыштаса, оның сауабы оларға барады",- делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы қаласы орталық мешітінің бас имамы Еркінбек Шоқай Рамазан айында ораза ұстауға мүмкіндігі жоқ азаматтарға кеңес берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Басқа адамның атынан ораза ұстауға бола ма: ҚМДБ жауап берді