RU

"Шабыт тілеймін": Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Depositphotos

Бұл туралы ел президенті Twitter әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жазды.

"Мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер шығармашылық жетістіктеріңізбен Қазақстанның атын дәріптеп, ұлттың өнегелі мәдениетін қалыптастыруға, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында рухани мұраны сақтауға үлес қосып келесіздер. Шабыт және табыс тілеймін!" - деді Тоқаев.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің бейне конференция форматында өткен кезекті отырысына қатысты.

Онлайн саммитте Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинян, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин және Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы бақылаушы мемлекеттің басшысы ретінде Молдова Республикасының Президенті  Игорь Додон, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы  Михаил Мясникович болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1856855-sabyt-tilejmin-tokaev-mdeniet-zne-ner-kyzmetkerlerin-merekesimen-kttyktady.html