RU

Өскемен тұрғыны таныс қызының көлігін өртеп жіберді (видео)

Өскеменде таныс қызының көлігін өртеп жатқан азамат камераға түсіп қалды. Қазір оның қолға түскені белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өскемен тұрғыны таныс қызының көлігін өртеп жіберді (видео)
Фото: Видеодан кадр: UGC

Шығыс Қазақстан облысы орталықтарының бірінде Toyota автокөлігі жанып жатқаны туралы хабарлама полицияға ақпан айында түскен. Оқиға орнына тез арада жеткен тәртіп сақшылары өртенген көлік Өскеменнің 28 жастағы тұрғынына тиесілі екенін анықтады. Толығымен жанып кеткен темір тұлпардың қасындағы Subaru көлігіне де қатты зақым келген.

Полицейлер оқиға орын алған жердің маңынан қолғаптар мен жанармай құйылған бөтелкені тапты. Қаскөй көпқабатты үй ауласында орнатылған бейнекамера арқылы нысанаға алынды. Одан бөлек, күдіктіні іздеуге "Сергек" бейнебақылау жүйесі жұмылдырылды.

Азамат өрт болған жерден үйіне дейін тексерген қызметтердің көмегімен қолға түсті. Нәтижесінде бірқатар сараптама тағайындалып, оның қылмысқа қатысы бар екені анықталды.

Қазір бөтен мүлікті қасақана жою бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Бұрын істі болған 33 жастағы азамат тергеу изоляторына жіберілді. Ол автокөлік иесімен таныс болған.

Айта кетейік, Аягөздегі қайғылы жағдайды тексерген ведомствоаралық комиссия арнайы мектеп интернатындағы төрт баланың өліміне туа біткен аурулары себеп деген қорытынды шығарды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1856865-skemen-trgyny-tanys-kyzyny-kligin-rtep-ziberdi-video.html