Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік әйгілі олигарх Тоқтар Төлешов соттан жеңіліп қалды

Опубликовано:

Сот Тоқтар Төлешовке талап арызды толық көлемде қанағаттандырудан бас тартты. Бұл туралы жауапкерлердің бірінің өкілі, "Essen Group" ЖШС заңгері Мақсат Нұрманов хабарлады. Ақпаратты Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шымкентте қуғынға ұшыраған олигарх Тоқтар Төлешов соттан жеңіліп қалды
Фото: ҚР ҰҚК: UGC

Сот өз шешімін жалпы жиынды Тоқтар Төлешовтен ЖШС басқаруға сенімхат алған "Дархан Group" ЖШС екінші иесі Нұрғали Досанбаев өткізгенімен түсіндірді.

Төлешов берген бұл сенімхатына ешқашан дау айтылмаған, себебі ол заңды.

Осыған байланысты, сот Досанбаевтың жалпы жиналыс өткізу, шешім қабылдау, хаттама жасау және оған қол қою жөніндегі іс-әрекеттерін толық негізді және заңды деп таныды.

Демек, сотта Төлешовтің арыз талаптарын қанағаттандыруға ешқандай негіз болмаған.

"Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ. Төлешов тарапының жоғары сот сатыларында шешімге наразылық білдіруге мүмкіндігі бар",- деді шымкенттік соттың баспасөз қызметінде.

Айта кетейік, Тоқтар Төлешов - "Дархан Group" ЖШС сыра империясының бұрынғы иесі. Қазір ол Астана (Нұр-Сұлтан) және Шымкент қалалық әскери және қылмыстық соттарының үкімімен бекітілген 21 жыл жазасын өтеп жатыр.

Олигарх 2017 жылы өзі қамауға алынған уақытта ЖШС жалпы отырысы қабылдаған шешімді теріске шығару туралы арызын экономикалық сотқа тастаған еді. Ол жалпы жиында қабылданған шешім нәтижесінде өзіне 260 млн теңге залал келгенін мәлімдеген болатын. Ол дәл осы ақшаны сыра зауытынан алуды көздеген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856876-symkenttik-jgili-oligarh-toktar-tlesov-sottan-zeilip-kaldy/

pixel