Выйти
RU

Нұр-Сұлтандағы орталық көшелердің бірі жартылай жабылады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық көшесі 23 мамырға дейін жартылай жабылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ elorda.info сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтандағы орталық көшелердің бірі жартылай жабылады

Көрнекі фото: NUR.KZ

Қалалық әкімдік хабарлауынша, көлік жүргізушілері кептелісте қалмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек.

"Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Достық көшесінде Қабанбай батыр даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі учаскеде жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты 21-23 мамыр аралығында қозғалысты жартылай жабу жоспарлануда", – деп хабарлады қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Осыған байланысты, қала тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептелістің алдын алу үшін өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы тиіс.

Биыл Нұр-Сұлтанда 150 көше жөнделеді, оның 100-і тұрғын үй аудандарына қарасты (шамамен 40 шақырым жол).

Барлық жұмыс "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы бойынша іске асады. Аталған бағдарлама бойынша Жұмыспен қамту орталығы арқылы 1 536 жұмыс орны ашылады.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорда көшелерінде маскасыз, қауіпсіздік ережелерін сақтамай жүрген адамдардың көп екенін жеткізді. Ол егер астаналықтар тәртіпке бағынбайтын болса, қала қатаң режимдегі карантинге қайта оралуы мүмкін екенін айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтандағы орталық көшелердің бірі жартылай жабылады
Mailfire view pixel