Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барыс еді": Бейсен Құранбектің қазақ күресіне сіңірген еңбегі туралы білесіз бе

Опубликовано:

Тіл маманы, "Qazaqstan Barysy" қазақ күресін қолдау және дамыту қорының баспасөз хатшысы Жадыра Жүсіп 18 мамырда көз жұмған Бейсен Құранбектің кезекті игі ісіне тоқталды. Ол арыстай азаматтың қазақ күресінің дамуына сіңірген сүбелі үлесі туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Facebook/Жеңіс Ысқабай
Фото: Facebook/Жеңіс Ысқабай: Instagram

Бұл туралы Жадыра Жүсіп Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Сол қаралы хабарды, қазаны қабылдаудың, мойындаудың жолын таппай қиналдым. Кеше Бейсен ағамен жылдар бойы иық тіресіп жұмыс істеген Әлия әпкемнің ер азаматқа бергісіз басуынан соң санамда мойындау процестері басталды.

Барша қазақ Бейсен ағаны "Айтуға оңай", "Харекет" арқылы таныса, мен "Қазақстан Барысы" жобасы арқылы таныдым. Ұлттық намыстың қайрағы – қазақ күресінің шын жанкүйері еді. Арман Шорай ағамыз ұлттық күресті ұлықтау идеясын ортаға салғанда алғашқылардың бірі болып арманды шынға айналдырған азамат еді.

Қазақ күресіне әрбір қазақ төреші ғой. "Қазақстан Барысы", "Әлем Барысы" жобаларында қызуқандылыққа салынып, даурыққан халықты "ау, ағайын, күрес біздікі, кілем біздікі, балуан біздікі" деген бір-ақ ауыз сөзбен сабырға шақыратын.

Бұл салада жұмыс істемей тұрып жанкүйерлер арасында төрешілерге сенбейтін қарапайым халықтың: "Бейсен Құранбек отыр ғой, әділетсіздікке жол бермейді" деп, бір-біріне тоқтау айтқанына бірнеше рет куә болдым.

Қазақ күресі федерациясына жұмысқа келіп, алғаш рет "Қазақстан Барысы" жобасында ұйымдастырушылар қатарында жүрдім. Бейсен аға – жүргізуші. Санамызға тау қалпында сақталған, пікірлесуге тосылдым. Турнир өткен 6 сағаттың ішінде жалпы қазаққа ортақ ағалық мейірімімен баурап алды. Қазақты, қазақ күресін осылай жақсы көре алатын адам барына шын қуанып қайтқам сол жолы.

Біз сол тарының көлеміндей ғана санамызбен тек қызылордалық қос балуанға тілектес болып, сол екеуінен басқаны көзге ілмей тастүйін болып тұрғанда ол кісі әр жығылған балуанның арқасынан қағып, жұбатып, әр жеңген балуанның қолын алып жігерлендіріп отырды. Жаратушы жүректің кеңдігін санаулы жандарға береді-ау негізі.

Өткен жылдың желтоқсанында "Әлем Барысы" чемпионаты алғаш рет Бейсен ағасыз өтті. Бәрімізге ыңғайсыз болды. Әлеуметтік желідегі жанкүйерлер: "Бейсен Құранбексіз, оның комментерийлерінсіз, оның "ау ағайын" деген сөздерінсіз күрес қызық емес екен", - деп жатты. ...енді, тіпті... Алла алдыңыздан жарылқасын!" - деді ол.

Еске сала кетсек, қазақтың бір топ ақындары марқұм Бейсен Құранбек туралы поезиялық туындылар арнады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856889-barys-edi-bejsen-kranbekti-kazak-kresine-siirgen-ebegi-turaly-bilesiz-be/

pixel