RU

Елордадағы БАҚ өкілдерінің ең үлкен орталығында вирус жұқтырғандар анықталды

Нұр-Сұлтан қаласындағы "Қазмедиа" орталығының қызметкерлерінен коронавирус инфекциясы анықталды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

"Қазмедиа" әкімшілігі ақпаратты растап отыр. Олардың таратқан хабарламасында жалға алушы компания қызметкерлерінің арасынан қауіпті дерт анықталғаны жазылған.

Осыған сәйкес, мекеме басшылығы басқа жалға алушыларды 7 маусымға дейін қашықтан жұмыс істеуге шақырды.

Бұл жағдайға байланысты әзірге Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі пікір білдірмеді.

Соңғы дерек бойынша, елімізде COVID-19 вирусы 7234 адамнан анықталды. Олардың 3835-і қауіпті дерттен айығып, ауруханадан шықса, 35 науқас инфекция салдарынан көз жұмды.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорда көшелерінде маскасыз, қауіпсіздік ережелерін сақтамай жүрген адамдардың көп екенін жеткізді. Ол егер астаналықтар тәртіпке бағынбайтын болса, қала қатаң режимдегі карантинге қайта оралуы мүмкін екенін айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1856894-elordadagy-bak-kilderini-e-lken-ortalygynda-virus-zktyrgandar-anyktaldy.html