Выйти
RU

Қарағанды вокзалында топырлап жүрген адамдардың әрекеті видеоға түсіп қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде Қарағанды қаласындағы теміржол вокзалы аумағында бір топ адамның жиналғаны түсірілген видео тарады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Оқырмандардың талқысына түскен видеоның 20 мамыр күні кешкі уақыттарда түсірілгені анықталған. Ролик кадрынан отан алдындағы борышын өтеп келген жас сарбаздары күтіп алып жатқан тұрғындарды байқау қиын емес.

Желі оқырмандары видеодағы карантин ережелерін сақтамаған адамдардың әрекетіне наразылық білдірді. 

Осыған байланысты Қарағанды облыстық көліктің бақылау инспекциясының баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомство әзірге пойыздардың ресми түрде жүрмейтінін атап өтті.

Олар таратқан ақпаратқа сәйкес, жедел қызметтегі сарбаздар арнайы құраммен жеткізілген.

Сонымен қатар, көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоны зерттеп, оқиғаның мән-жайын анықтауға уәде берді.

Естеріңізге сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрес жұмыстары оң нәтиже көрсеткеніне қарамастан, елде аурудың таралу қаупі сейілмегенін айтып, отандастарын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қарағанды вокзалында топырлап жүрген адамдардың әрекеті видеоға түсіп қалды