Выйти
RU

Алматыда жоғалған Илияс Егізбаевтың денесі табылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 20 жастағы Илияс Егізбаевтың мәйіті табылды деп хабарлайды қалалық полиция бөліміне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматыда жоғалған Илияс Егізбаев денесі табылды

Илияс Егізбаев. Фото: facebook.com/aruzhan.sain

Жас жігіт 19 мамырда жоғалып кеткен болатын. Бұл туралы ақпарат балалар омбудсмені Аружан Саинның Facebook-тегі парақшасында пайда болды. Балалар құқығы бойынша уәкілетті ханымға жас жігіттің анасы Жақсыбике Егізбаева өз мәселесін айтып, көмегіне жүгінген болатын. Әйел баласын табуға жәрдем сұраған.

Жігіттің анасы айтқандай, Илияс 19 мамырда күндізгі сағат 3-тердің кезінде үйден шығып кеткен. Туыстарына серуендеуге кетіп бара жатқанын айтып, алайда сол сәттен кейін байланысқа шығуды тоқтатқан. Туыстары құқық қорғау органдарына хабарласты. Іздеу бірнеше күнге созылды.

Бүгін, 21 мамыр күні бозбаланың мәйіті табылғаны белгілі болды.

Алматы полиция департаментінен ресми түсініктеме сұраған едік. Құқық қорғау органдары жас жігіттің денесі таулы аймақтан табылғанын айтты.

"Бүгін, өкінішке қарай, жоғалып кеткен Илияс Егізбаевтың денесі таулы аймақтан табылды. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалған", – деді оңтүстік астананың полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Өзге де толығырақ мәлімет жария етілген жоқ.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Айта кету керек, Семейде із-түссіз жоғалған Айым Қамзаеваның денесі саяжай массивіндегі ипподром аумағында өзен жағасынан табылған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда жоғалған Илияс Егізбаевтың денесі табылды
Mailfire view pixel