Выйти
RU

Катардан Қазақстанға 8,5 тонна гуманитарлық көмек келді (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жеке қорғаныс құралдары мен медициналық мақсаттағы бұйымдардан тұратын гуманитарлық көмек асынған ұшақ Катардан Қазақстан астанасына келіп қонды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Катардан Қазақстанға 8,5 тонна гуманитарлық көмек жіберді (фото)

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, араб мемлекеті Қазақстанға 8 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберген. Катардан жоғары сапалы тыныс алу маскалары, қорғаныс қолғаптары, халаттар, арнайы жұмыс киімдері және басқа да медициналық құралдар келді деп хабарлады сыртқы істер министрлігі. Ел әмірі Тамим бен Хамада Аль-Тани мемлекетімізге көмек көрсетуді тапсырғаны айтылған.

Катардан Қазақстанға 8,5 тонна гуманитарлық көмек жіберді (фото)

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Отандық СІМ көрсетілген көмек үшін ризашылық білдірді. Сонымен қатар, ведомствоның хабарлауына сәйкес, араб елінің билігі мұндай әрекеттері арқылы Қазақстанға достық көзқарас танытып, коронавирустың таралуына қарсы күресте ынтымақтастық білдірген.

Катардан Қазақстанға 8,5 тонна гуманитарлық көмек жіберді (фото)

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Катардан Қазақстанға 8,5 тонна гуманитарлық көмек жіберді (фото)

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Келіп жеткен қорғаныс құралдары мен медициналық мақсаттағы бұйымдар "СК-Фармация" ЖШС-нің қарамағында болады. Ұйым қабылдап алған құралдарды әрі қарай елдегі медициналық мекемелер арасында тарататын болады.

Еске сала кетсек, Қытай коронавирустан зардап шеккен елдерге 2 млрд доллар бөлетіні туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Катардан Қазақстанға 8,5 тонна гуманитарлық көмек келді (фото)
Mailfire view pixel