Выйти
RU

СҚО-да 11 сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындалу үшін волонтерлер көмекке келді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды еріктілер жылы деп жариялады. Осыған орай, еліміздің әр түкпірінде волонтерлік жобалар қолға алына бастады. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасы ауылдық жерлердегі жоғары сынып оқушыларына көмек көрсетуде.

СҚО-да 11 сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындалу үшін волонтерлер көмекке келді

Ақпарат және қоғамдық даму министрдігінің арнайы грантын жеңіп алған жалпыұлттық волотенрлік «Birgemiz: Bilim» жобасы ақпан айынан бері жүзеге асырылып келеді. Басты мақсат – облыс аймақтарында тұратын әлеуметтік жағдайы төмен топтағы балаларға білім беру.

Ұлттық бірыңғай тестілуге дайындалу үшін мыңнан аса оқушыға көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, ағылшын тілін оқыту, компьютермен жұмыс істеу қабілетін және құқықтық сауатын арттыру да жоба міндетіне енеді.

Сонымен қатар, жобаны жүзеге асыру барысында қала және ауыл мектептеріндегі педагогтарды жұмысқа тарту көзделген.

Негізінен, бес бағыт бойынша 100 волонтерге конкурс жарияланған. Олар: ҰБТ-ға дайындық, құқықтық сауатты көтері, ағылшын тілі, компьютермен жұмыс істеу қабілетін көтеру және олимпиада, байқау, ғылыми жобаларға дайындық.

Мектеп оқушыларының арасында (8-11 сыныптар) ҰБТ-ға дайындалу үшін қай сабақтан қосымша көмек қажеттігі туралы сауалнама да жүргізілді.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Ерікті оқытушылар мектеп бағдарламасына ақсап тұрған практикалық сабаққа көп көңіл бөледі. Мәселен, құқықтық сауатты арттыруға 8 академиялық сағат берілген. Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау үшін ерекше көңіл бөлініп отыр, өйткені, ауыл балалары үшін бұл өте ауқымды мәселе. Мектептен басқа жерлерде білім арттыруға мүмкіндік жоқ. Ауылды айтпағанның өзінде, аудан орталықтарында қосымша білім беретін кабинеттер табылмай жатады.

Ал аз қамтылған немесе көпбалалы отбасылар үшін репетитор жалдау да оңай емес. Сондықтан, он бірінші сынып оқушыларына волонтерлардың көмегі ауадай қажет. Жоба аясында ҰБТ-ға дайындалу үшін 56 академиялық сабақ өткізілді.

Волонтерлар балалармен жұмыс істеу үшін қажетті дайындықтан өткенін айта кету керек.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
СҚО-да 11 сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындалу үшін волонтерлер көмекке келді