Выйти
RU

"Машинаға салып, алып кетті": Атырауда жоғалған бала туралы тың ақпарат шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырауда жоғалып кеткен бір жарым жастағы нәрестені 500-ге жуық жергілікті тұрғын, полиция департаментінің қызметкерлері, төтенше жағдай комитетінің жұмысшылары, Ұлттық Ұланның сарбаздары іздестіріп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр/КТК

Видеодан кадр/КТК

Кешеден бері жұртты аяғына тік тұрғызған Әли, анасымен қала сыртындағы "Жұлдыз" ықшам ауданында тұрады.

Нәресте көзден таса болысымен дереу дабыл қағылып, оны іздеуге құзырлы орган өкілдерімен бірге, қала тұрғындары да өз еркімен жұмылған.

"Қоқыс контейлерін қарап, зираттарға барып, барлығын толық тексеріп өттік. «Жұлдыз» ықшам ауданына жақын орналасқан аудандарға барып, бар жерді тексердік, әлі де жұмыс жүргізіліп жатыр. Еріктілер жан-жақта. Атырау халқына, жұмылып іздеп жатқанына рақмет! Техникаларын әкеліп, балшыққа төзімді машиналарын әкеліп, ауа райына қарамастан, барлығы күні-түнімен іздестіруде", - деді ерікті Ризабек Әбішев.

Нәрестенің әкесі отбасынан бөлек, басқа ауданда тұрады. Телеарна мәліметінше, адам ұрлау фактісі де болуы мүмкін.

Атырау қалаық полиция басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Биғамбаев тексеру жұмыстары жүріп жатқанын мәлім етті.

"Анасы бұрын отбасын құрмаған, бірақ баланың қазіргі уақытта әкесі жоқ, ол факті де қазір тексерілуде. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ", - ол.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Баланың жақындары осы аралықта құмалақшылар мен тәуіптерге барып, бал аштырып үлгерген көрінеді.

"Көріпкелдердің бәрі айтады: "Аман келеді" деп. Біреу айтады: "Машинаға салып алып кетті, ұстап" - дейді. Бір Аллаға сыйынып отырмын енді. Аман табылса екен", - деді Әлидің әжесі Нұргүл.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Бір жарым жастағы нәрестенің анасы Ақ Жайық газетіне баласының тірі жүргенін "жүрегім сезеді" депті.

"Осы жерден біреу баланың адасып кеткенін көріп, үйіне  алып кеткен  болар деп ойлаймыз. Қазір бәрі тынышталған соң әкеліп беретіндей көрінеді. Оған дейін баланы ұрлап кетті деп жала жабады деп қорқып отырған шығар. Баламыз аман-есен деп сеніп отырмыз - дейді туыстары.

Еске сала кетсек, осыған дейін Атырау облысында екіге толмаған сәбидің жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Машинаға салып, алып кетті": Атырауда жоғалған бала туралы тың ақпарат шықты