Выйти
RU

Маңғыстауда мұнай ұрлығына қатысты тергеу жүруде: Күдікті 7 жылға сотталуы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қара алтынды заңсыз өндірді деген күдікке ілінген мұнай компаниясының басшысына қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кен орындарының бірінен 3,5 тоннадан астам мұнай заңсыз алынған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

иииии

Фото: Getty Images

Маңғыстау экономикалық тергеулер басқармасының хабарлауынша, Маңғыстауда мұнайдың заңсыз өндірісін ұйымдастырды деген күдікке ілінген компания басшысы жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тергеу мәліметтері бойынша, күдіктінің басшылығымен компания құны жарты миллиард теңгені құрайтын мұнай тартып, тасымалдаған. Айта кету керек, компанияның Энергетика министрлігімен келісімшарт мерзімі аяқталған. Осылайша, ведомство қызметкерлері компания кен орнынан заңсыз 3,5 тоннадан астам мұнай экспорттады деп санайды. Мұнай тәркіленіп, оған тыйым салынды.

Басқармада айтылғандай, компанияның заңсыз өндірілген мұнайды сату туралы келісімшарттар мен келісімдер болған. Мамандарының пікірінше, заңсыз тау-кен өндіру Маңғыстаудағы егіншілік үшін берілген үлкен аудандарда ұйымдастырылуы мүмкін.

Еске салсақ, сот Тоқтар Төлешовке талап арызды толық көлемде қанағаттандырудан бас тартты. Бұл туралы жауапкерлердің бірінің өкілі, "Essen Group" ЖШС заңгері Мақсат Нұрманов хабарлады. Ақпаратты Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты растады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Маңғыстауда мұнай ұрлығына қатысты тергеу жүруде: Күдікті 7 жылға сотталуы мүмкін
Mailfire view pixel