Выйти
RU

АҚШ ашық аспан жөніндегі келісімнен шығады: Трамп Мәскеуді айыптады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

АҚШ 34 мемлекет арасындағы ашық аспан жөніндегі келісімнен шығуды көздеп отыр. Бұл туралы Дональд Трамп Вашингтондағы брифингте мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ Centralasian.org қызметіне сілтеме жасап.

трамп

Дональд Трамп. Фото: www.centralasian.org

"Менің Ресеймен қарым-қатынасым жақсы, бірақ Мәскеу келісім жөніндегі міндеттерін орындамай отыр. Соған қарағанда, біз жаңа келісімге отыруымыз мүмкін", - деді Ақ үй басшысы.

Бұның алдында америкалық ақпарат құралдары жұма күні Трамп Ресейге Вашингтонның келісімнен шыққанын ескертеді деп хабарлаған.

  • Айта кетерлігі, ашық аспан жөніндегі келісім 1992 жылы наурызда қабылданды. Ресей құжатты 2001 жылы мақұлдады.

Келісімге 34 мемлекет қосылған. Олар бір-бірінің әуе кеңістігінде әскери қызмет бақылауы үшін ұша алады. Келісімнен кез-келген ел шығуға құқылы, бірақ ол үшін ұйымның басқа да мүшелеріне жарты жыл бұрын ескертуі керек.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі бұл мәселеге қатысты АҚШ-тан ресми хат алмағанын хабарлады.

Министрлік Вашингтонның келісімнен шығуы Еуропаның қауіпсіздік жүйесіне соққы боп тиеді дегенді алға тартты. Сонымен қатар, Мәскеу өзіне қатысты айтылған айыптауларды негізсіз деп атады.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

АҚШ-тың ашық аспан жөніндегі келісімнен шығуды жоспарлағаны өткен жылы қазанда белгілі болған. Бірақ сол кезде Вашингтон түпкілікті шешім қабылдамаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
АҚШ ашық аспан жөніндегі келісімнен шығады: Трамп Мәскеуді айыптады