Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстаннан АҚШ-қа қоныс аударған жігітті көлік тұрағында атып өлтірді

Опубликовано:

Қазақстанның тумасы Роман Кичигин 16 жасқа толуына бір ай қалғанда өмірден өтті: бозбаланы АҚШ-тың Шарлотта қаласындағы көлік тұрағында атып өлтірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

иииии
Марқұм Роман Кичигин. Фото: gofundme.com: UGC

Қаралы хабар туралы Charlotteobserve порталы мәлім етті.

Қазақстанда туып өскен жасөспірім 12 жасында отбасымен бірге АҚШ-қа көшіп кеткені туралы айтылды. Жігіттің үш інісі мен қарындасы бар.

Порталдың мәліметінше, Роман BMW маркалы автокөліктерді сатып алып, оларды жөндеп, қымбатқа сатқан. Дәл сол қазалы күні көлік тұрағында ол сатып алушымен кездесуі керек болған. Анасы Романның жанында болған.

Роман үшін сатып алушымен кездесудің аяғы атысқа ұласты. Марқұмның туыстары оның қарулы қарақшылық шабуыл кезінде өлтірілгенін хабарлады.

Шабуыл кезінде оның жанында болған анасы ұлын құтқаруға тырысты. Қазақстанда ол педиатр болып жұмыс істеген. Дәрігерлер келгенге дейін ол баланы қайта тірілтуге тырысқан, бірақ Роман ауруханада қайтыс болды.

Полиция қазірдің өзінде 18 жастағы күдіктіні қолға түсірді.

Еске сала кетсек, Алматыда бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 20 жастағы Илияс Егізбаевтың мәйіті табылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1856942-kazakstannan-aks-ka-konys-audargan-zigitti-klik-tragynda-atyp-ltirdi/

pixel