Выйти
RU

Коронавирус: Қарағанды облысында бірден 130 жаңа науқас анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

22 мамыр таңда Қазақстандағы коронавирус жағдайы туралы жаңа мәліметтер пайда болды. Деректер санының ең көп өсімі Қарағанды облысында тіркелген деп хабарлайды coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қарағанды облысында коронавирустың бірден 130 жаңа дерегі тіркелді

Фото: NUR.KZ

Бүгін таңертең елде ауру жұқтырған тағы 363 адам анықталды. Оның ішіндегі 130-ы Қарағанды ​​облысында. Осылайша, облыста ауру деңгейінің өсуі 43,3 пайызды құрады.

Қазір мұнда қауіпті инфекция жұқтырғандар саны 430-ға жетті. Облыс КВИ тапқан адамдардың саны бойынша бесінші орында. Көшбасшылар қатарында –Алматы (2001 дерек), Нұр-Сұлтан (1457 дерек), Атырау облысы (841 дерек) және Шымкент (539 дерек).

Облыста коронавирус инфекциясынан 170 адам жазылып шыққан. Алайда әлемді жалмаған жауыз індеттен өңірде үш адам қайтыс болды. Жақында Қарағанды ​​облысында карантин күшейтілуі мүмкін екені белгілі болды.

Бұл шаралар облыстағы аурулар санының қарқынды түрде өсіп келе жатқандығына байланысты болмақ. Санитар дәрігерлердің айтуынша, аймақта шектеу шаралары жеңілдетілгеннен кейін, COVID-19 жұқтыру оқиғалары көптеп тіркелген.

Бұл жағдайлар адамдардың маскасыз жүре бастағанынан және қауіпсіздік шараларын сақтамауынан болады. Егер статистика көркеткіші артатын болса, онда карантинді күшейтуге тура келеді.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Еске салсақ, елімізде тағы 363 адамнан коронавирус табылып, COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 7597-ге жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус: Қарағанды облысында бірден 130 жаңа науқас анықталды