Выйти
RU

Қазақстан қалалары арасындағы барлық әуе қатынасы қашан қалпына келеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі еліміздің барлық қалалары арасындағы әуе қатынасы 25 мамырдан бастап қалпына келетіндігін мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Ведомство мәліметінше, Қазақстанның барлық әуежайлары жұмыс істей бастайды, ал әуе компаниялары санитарлық-карантиндік шараларды сақтай отырып, рейстер санын дербес белгілейді.

Әуе кемелерінде көліктегі бас санитарлық дәрігер белгілеген санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шараларын сақтай отырып, яғни жеке қорғаныс құралдарын пайдаланумен, сенсор термометрмен дене қызуын өлшеу, әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы ұшады және әуежайлар мен ұшақтарда күшейтілген залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

Еске сала кетейік, елімізде коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталды. Дегенмен ірі қалалар мен облыстарда карантин режимі сақталып қалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстан қалалары арасындағы барлық әуе қатынасы қашан қалпына келеді