Выйти
RU

"Әркім өзіне жауап берсін": Белгілі журналист лотоға қатысатындарды сынға алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал тележүргізуші Гүлназ Ауданбаева түрлі ұтыс ойындарына қатысып, ақшасынан қағылатын адамдар туралы бар ойын ашып айтты. Ол лотоларда ұтылып, сәтсіздікке ұшырайтындарды өзгелерді айыптамай, алдымен кінәні өздерінен іздеу керектігін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/gulnazaudanbaeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/gulnazaudanbaeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Гүлназ Ауданбаева соңғы кезде қоғамда қызу талқыланып жатқан ұтыс ойындар мәселесін Instagram парақшасында көтерді. Тележүргізуші бұл тұрғыда лотоларды ұйымдастырушыларды ғана емес, оған қатысып жүрген адамдарды да сынға алды.

Еш товар сатпай құр билет сататын Лотоға қатысатын адамдар ҰТПАДЫҚ деп шағымданғанда кімді кінәлайды?

"Жақында шу шыққан кезде бір жігіт “100 000 теңге осы күнге дейін лотоға салдым. Ешқашан ұтпадым” деп сұхбат беріпті. Мұндай жандар неге жұртқа өкпелейді? Әр адам өзіне жауап беру керек қой бұл өмірде. Ол лото әділ өтсе де тек 30 мың адамның біреуіне ғана бұйырады. Мен мұндай лото өткізгіштерді жақтамаймын. Бірақ әр қазақтың ойланып қадам жасағанын қалаймын.

Мен ешқашан ондай лотоға қатыспағанмын. Өйткені өмірге оңай олжа аламын деген оймен ешқашан қарамағанмын. "Тауар сатып алсаң шуба, көлік береміз" деген лотолар ол бөлек нәрсе. Адам тауар алады. "Бәрібір аламын сол товарды мүмкін жолым болады" дейсің.

Тағы да оқыңыздар

Дұрыс тамақтану ережелері

Ондай лотоны бір рет біз де өткіздік. Шубамды ұтып алды. Тағы бір компаниямен бірлесіп саяхаттар, алтындар, көлік ойнаттық. Бәрі өз ұтысын алды. Ол тауарға ақша төлеу. Жанат Бақыттан кошелек алып әлі ұстап жүрмін. Көлік ұтпасам да затымды алдым. Ол басқа нәрсе! Басқаша психология! Ал билет алып азартқа кіру ол сол қатысушы адамның қателігі. Жардан секір десе секірмейді ғой адам. Ал “билет ал” десе еш тауарсыз неге алады" , - деді ол.

Айта кетейік, жақында Айгүл Иманбаева өз ұтыс ойыны тоқтағанын ресми түрде мәлімдеген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Әркім өзіне жауап берсін": Белгілі журналист лотоға қатысатындарды сынға алды
Mailfire view pixel