Выйти
RU

Әйелін ұрып өлтірді: Павлодарлық қоғам белсендісі "кісі өлімі" бойынша тергелуде

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Павлодарда әйелінің өліміне алып келген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша айыпталған парашют спорты федерациясының бастығы, қоғам белсендісі Руслан Феклистов енді "кісі өлтіру" бойынша тергелуде. Қылмыстық істің бабы сотқа дейінгі тергеу барсында өзгертілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Павлодар облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Фото: Татьяна Феклистованың ok.ru парақшасынан алынды

Фото: Татьяна Феклистованың ok.ru парақшасынан алынды

Ресми сауалға жауап берген тәртіп сақшылары бастапқыда қылмыстық істің кісі өліміне алып келген денсаулыққа қасақана зиян келтіру факті бойынша қозғалғанын мәлім етті.

Кейіннен істі қарау кезінде оны "кісі өлтіру" бабына ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Басында Руслан Феклистовке қатысты 8-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Енді бұл мерзім 8-ден 15 жылға дейін өзгертілді. Полиция өкілдері тіргеудің әлі жалғасып жатқанын хабарлады.

Еске сала кетейік, Татьяна Феклистованыі өлімі жайлы полиция хабарлаған. Оқиғаның мамыр айының басында дала аэродромы ауданында болғаны айтылды. Полиция қызметкерлері аталған қылмысты жасады деген күдікпен оның 42 жастағы күйеуі ұстады.

Бұған дейін қызының көзінше өз әйелін өлімші етіп сабаған оралдық полицей туралы жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әйелін ұрып өлтірді: Павлодарлық қоғам белсендісі "кісі өлімі" бойынша тергелуде
Mailfire view pixel