Выйти
RU

Теміртауда балабақша аумағында кәуап пісіргендер видеоға түсіп қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Желі қолданушылары Теміртаудағы балабақшалардың бірінің аумағында кәуап пісіргендерді талқылауда. Осыған байланысты қалалық білім бөлімі пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Теміртауда балабақша аумағында кәуап пісіргендер видеоға түсіп қалды

Видеодағы кадрлар

"Теміртаудағы балабақша аумағында балалармен бірге серуендеп, кәуап жасады" деген тақырыптағы видео Telegram-дағы temirtau.times арнасында пайда болды.

Видео авторы 20 мамырда белгісіз біреулер металлургтер қаласының 7-ші шағын ауданында орналасқан балабақша аумағында пикник ұйымдастырғанын мәлімдеді.

"Шараға" балалар да қатысқан. Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу пікірталас туғызды.

Ал, Теміртау қаласының білім бөлімінің басшысы Есентай Әшімов видеоға қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, видеода №21 "Самал" балабақшасының аумағы түсірілген.

"Ол жерде ешқандай пикник болмаған. 20 мамырда балабақшада қойманың төбесін жөндеу жұмыстары жүргізілген, сол себепті шайырды балқыту үшін олар от жаққан. Қазіргі уақытта жұмыс тоқтатылды. Жөндеу жұмыстары техникалық қызметкерлердің бақылауымен жүргізілді", – деді Есентай Әшімов.

Естеріңізге сала кетсек, Теміртаудағы орталық базарда жанжал туындады. Базар директоры кәсіпкерлерден бөлшек сауда алаңын жалға алғаны үшін төлем талап еткен, бірақ олар бұл төлемдер жинауды әділетсіз деп санайды. Қала әкімі Ғалым Әшімов жағдайға қатысты шаралар қабылдады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Теміртауда балабақша аумағында кәуап пісіргендер видеоға түсіп қалды
Mailfire view pixel