Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қағаз жағына жауап беремін": Әділбек Ниязымбетов қазіргі қызметі жайлы айтты

Опубликовано:

Бокстағы мансабын аяқтаған Олимпиада ойындарының жүлдегері Әділбек Ниязымбетов қазіргі қызметі жайлы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанқа сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/niyazymbetovadilbek
Фото: instagram.com/niyazymbetovadilbek: Depositphotos

Белгілі болғандай бұрынғы боксшы 2019 жылдың қыркүйегінен бастап астанада Олимпиадаға дайындау орталығында методист болып қызмет етеді.

Яғни құжаттармен жұмыс істейді. Жас спортшыларды жарысқа жіберер кезде құжаттарын жинап, жол жүру билеттеріне дейін түгендеп отырады екен.

"Кезінде өзіміз спортшы ретінде жарыстарға барған болсақ, қазір қағаз жағына жауап беремін, әдіскермін. Ол бапкердің көмекшісі деген сөз. Жас спортшыларды сайыстарға жіберетін кезде құжаттарын, жол жүру билеттерін, неше күнге баратынын реттеймін. Оның алдында жинақтау жұмыстары жүргізіледі, ол жерде қандай құжат қажет екенін реттеп, соған жауап беремін", - дейді Ниязымбетов.

Спорт алаңынан кабинеттегі жұмысқа ауыстырған бұрынғы боксшы әр істің өз қиындығы бар екенін де атап өтті.

"Ештеңе оңай келмейді. Спорт болсын, спорттан тыс жұмыстың да өз қиындығы бар. Қиындыққа төзу керек. Үйренісу қажет. Менде де дәл солай", - дейді ол.

Айта кетейік, 2019 жылдың күзінде Әділбек Ниязымбетов "Екі жұлдыз" ән байқауына қатысып, өзін халыққа басқа қырынан көрсеткен еді.

Айтуынша, бұл сайысқа басшылықтың тапсырмасымен қатысқан, алайда сахнада ән салу өзіне ұнаған.

"Спортта жүрген кезде бізге мұндай шараларға қатысуға рұқсат жоқ, өзіміздің де уақытымыз болмайды. Дауысым болмаса да, сахнаға шықтым. Маған ұнады. Ал сахнаға шығып ән айту мен алаңға шығудың арасы жер мен көктей", - деп түйіндеді сөзін Ниязымбетов.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857019-kagaz-zagyna-zauap-beremin-dilbek-niazymbetov-kazirgi-kyzmeti-zajly-ajtty/

pixel