Выйти
RU

Талдықорғанда ақша толы терминалды көтеріп кеткен жігіт видеоға түсіп қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Талдықорғандағы ойын-сауық орталықтарының бірінде тұрған төлем терминалын ұрлап кеткен күдікті ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Кадрлар видеодан алынды

Кадрлар видеодан алынды

Белгілі болғандай 20 мамыр күні Талдықорған қаласының Шығыс қалалық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне ойын-сауық орталықтардың бірінде орналасқан төлем терминалының ұрланғаны туралы хабар түскен.

Аталған дерек қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігіне (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

"Қылмыстың ізін суытпай Сарқан ауданының 31 жастағы тұрғынын ұстадық. Күдіктіден ұрланған терминал мен сол аппараттан шыққан ақшаның бір бөлігі – 200 жүз мың теңге тәркіленді. Күдікті ұрлық жасағанын толық мойындады. Терминалды жалғыз жүріп далаға шығарып алған ол, тоқтатқан таксиіне тиеп алып, жалдамалы пәтеріне алып барған.
Такси жүргізушісіне терминалдың өз меншігі екенін және оны басқа жерге жеткізу керек болғанын айтқан. Жалдамалы пәтерде қолда бар құралдарын пайдаланып, терминалдың ақша салынған бөлігін сындыруға тырысқан.
Ішінен шыққан ақшаның көп бөлігін қажетіне жұмсап үлгеріпті. Қалғанын біз тәркіледік", – дейді Талдықорған қаласы полиция басқармасының басшысы Асқар Нұрсапа.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Қазір күдікті ҚІЖК 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изолияторында қамауда отыр. Енді ол бүлінген терминалды және одан ұрланған ақшаны өтеуі қажет.

Сонымен қатар оның 2012 жылы да қарақшылық жасағаны үшін сотталғаны анықталған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Iphone телефондарын ерекше тәсілімен ұрлаған ақтөбелік азаматтың әшкере болғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Талдықорғанда ақша толы терминалды көтеріп кеткен жігіт видеоға түсіп қалды