Выйти
RU

Ресейлік ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцинаны өздеріне егіп көрді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресей денсаулық сақтау министрлігінің Н.Ф.Гамалеи атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми зерттеу орталығының (НИЦЭМ) қызметкерлері коронавирусқа қарсы жасап шыққан вакциналарын сынақтан сәтті өткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Ресей ғылым академиясының директоры Александр Гинцбургтың айтуынша, қызметкерлер пандемия жағдайында ары қарай жұмыстарын жалғастыру үшін вакцинаны егу арқылы өздерін қорғаған.

Академик вакцинаның жанама әсерлері анықталмағанын атап өтті.

Айтуынша, вакцинаны өздеріне еккен мамандардың денсаулықтары мен көңіл-күйлері жақсы. Ол вакцинаны сынақтан өткізгендердің нақты санын атамады, алайда, олардың барлығы да орталық қызметкерлері екенін жеткізді.

Ресми деректерге қарағанда, ғылыми зерттеу орталығының вакцинасы клиникаға дейінгі сынақтардың соңғы кезеңінен өтуде және приматтарға сыналған.

Осыдан кейін препаратты еркітілерге тестілеу басталмақ. Сынақтан өткізу күзге қарай аяқталуы мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауруханада ем алып жатқан Түркістан облысының тұрғыны қазақстандықтарды бұл вирусқа немқұрайлы қарамауға шақырған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресейлік ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцинаны өздеріне егіп көрді