Выйти
RU

Атамбаевтың ұлы әкесінің жағдайы күрт нашарлап кеткенін мәлімдеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін, 22 мамырда Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың жағдайы күрт нашарлап кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com / Сеид Атамбаев

Фото: facebook.com / Сеид Атамбаев

Бұл туралы экс-президенттің баласы Сеид Атамбаев өзінің Facebook парақшасында мәлім етті.

Айтуынша, бүгін, 22 мамырда Алмазбек Атамбаевтың жағдайы күрт нашарлаған. Оның жақындарының коронавирусқа тапсырған тест нәтижелдері теріс болғанымен, саясаткерді бала-шағасымен тек шыны терезе арқылы кездестіруде.

Ұлының айтуынша, осымен үшінші рет кездесудің мұндай жағдайда өткізілуі Атамбаевтың денсаулығының нашарлауына себеп болған.

"Атамбаев үшін коронавирус бойынша теріс нәтижелерінің анықтамалары бар туыстарымен кездесу қауіпті, алайда сотта Қой-таштағы оқиғалар бойынша ондай анықтамалары жоқ ондаған адаммен кездесу қауіпсіз. Бұл – түсініксіз жағдай", – дейді экс-президенттің ұлы.

Алмазбек Атамбаевтың айтуынша, оған үлкен моральдық қысым көрсетілуде. Алайда, өзінің денсаулық жағдайына шағымданғысы келмейді, бұл оның қағидаларына қайшы.

Саясаткердің сөзіне қарағанда, қазір билік оның өміріндегі ең қымбат дүниесінен – отбасымен бірге болу мүмкіндігінен айырып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атамбаевтың соты денсаулығына байланысты кейінге шегерілгенін хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атамбаевтың ұлы әкесінің жағдайы күрт нашарлап кеткенін мәлімдеді