Выйти
RU

Пәкістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін, 22 мамырда Пәкістанның оңтүстігіндегі Карачи қаласында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Пәкістанда жолаушылар ұшағы тұрғын үйге құлады (видео)

Коллаж: NUR.KZ. Видеодан кадрлар: twitter.com/Nouman_Writes , youtube.com/Unwanted Engineer және youtube.com/Success Stories TV

Geo News телеарнасының Азаматтық авиация басқармасындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлауынша, жолаушылар ұшағы қонуға аз уақыт қалғанда әуежай маңына құлаған.

Алдын ала ақпарат бойынша, ұшақ бортында 98 адам болған. Олардың 91-і жолаушы, жетеуі - экипаж мүшесі.

Қазір оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Әуе апатының орнына Пәкістан әскерінің жедел әрекет ету күштері, құтқарушылар, Азаматтық авиация органдарының қызметкерлері келіп жатыр.

Dawn телеарнасына сілтеме жасаған РИА Новости хабарлауынша, "Пәкістан халықаралық әуе желісіның" әуе тасымалдаушысы апатқа ұшыраған Airbus A-320 ұшағы компанияға тиесілі екенін растаған. Рейс Лахордан Карачи қаласына бағыт алған.

Ұшақ апаты салдарынан бірнеше тұрғын үйге залал келді деген ақпарат та бар. Қазіргі уақытта әуе апатынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер туралы нақты мәлімет жоқ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пәкістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады (видео)