Выйти
RU

Бейсен Құранбек атындағы сыйлық тағайындалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жастар арасында танымал журналист Бейсен Құранбек атындағы "Жігер" сыйлығын тағайындады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ министрліктің ресми Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Бейсен Құранбек атындағы сыйлық тағайындалды

Фото: Instagram/beisenkuranbek. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Сыйлықтың басты мақсаты - көрнекті журналист Бейсен Құранбектің жарқын бейнесін есте қалдыр, бұқаралық ақпарат құралдарында өзіндік шеберлігімен көзге түскен жазба және электронды баспасөз құралдарында жұмыс істейтін жас тілшілерді қолдау, шығармашылық ізденістерін шыңдауға жігерлендіру, Қазақстан журналистикасының дамуына серпін беру.

Сыйлық 4 номинация бойынша беріледі.

- Әлеуметтік тақырыптағы үздік ТВ сюжет;

- Әлеуметтік тақырыптағы үздік мақала;

- Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал (әлеуметтік желі);

- Әлеуметтік тақырыптағы үздік фотосурет.

Байқауға телевизия, баспа, интернет журналистиканың және фотосуретшілер, жаңа медиа (әлеуметтік желілер) саланың кәсіби және кәсіби емес жас журналистері (18-35 жас аралығы) қатысып, бағын сынай алады.

Байқау үздіктерін арнайы құрылған қазылар алқасының мүшелері айқындайтын болады. Қазылар алқасының құрамына еліміздің медиа саласының дамуына елеулі үлес қосқан танымал медиа менеджерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері кіреді.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

"Жігер" сыйлығына өтініш 2020 жылдың 26 мамыр мен 15 маусым аралығында mdq.kz сайтында қабылданады. Сыйлыққа қатысты толық ақпаратты (қатысу ережесін) 8-775-332-08-00 нөмірі арқылы ала аласыз.

Салтанатты марапаттау журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылады.

Естеріңізге сала кетейік, отандық телевизия саласында өзіндік орны бар майталман тележүргізуші Бейсен Құранбек 18 мамыр күні 49 жасына қараған шағында өмірден озды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бейсен Құранбек атындағы сыйлық тағайындалды