Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әкімдігі барахолканың қашан ашылатынын айтты

Опубликовано:

Бүгін Алматы әкімдігі онлайн-брифинг барысында барахолканың қашан ашылатынын айтып берді. Барлық нысандарды бір уақытта емес, бірте-бірте ашу жоспарланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

25 мамырдан бастап халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын бастайды, сондай-ақ азық-түлік базарлары мен өзге де базарлардың азық-түлік қатарлары ашылады.

Олар санитарлық нормативтердің сәйкестігі туралы акт алған соң ғана жұмыстарын жандандырмақ.

"Бізде 23 базардың ішінде 13 нысан жұмыс істеді. "Барыс" базарында ашық аспан астындағы бөлшек сауда жабылған болатын. Дүйсенбіден бастап қабылдауға дайындалып жатыр.
Іске асырылған 4 кезең аясында 500 мың адам жұмыс орнына қайта оралды.
Сондай-ақ дүйсенбіден бастап сауда ойын-сауық орталықтарының бөлшек сауда бутиктер бөлімі ашылады. Бірақ, кинотеатр, тамақтану және ойын-сауық орындары жұмыс істемейді. Бесінші кезең аясында тағы 100 мың адам жұмысына кіріседі.
Азық-түліктік емес базарларға келер болсақ, комиссия шешіміне сәйкес, олар аудиттен өткеннен кейін 1 маусымнан бастап жұмысын жандандырады", – дейді Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының бастығы Еркебұлан Оразалин.

Айта кетейік, бұған дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі еліміздің барлық қалалары арасындағы әуе қатынасы 25 мамырдан бастап қалпына келетінін мәлімдеген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857051-almaty-kimdigi-baraholkany-kasan-asylatynyn-ajtty/

pixel