Выйти
RU

"Банкет жасауға рұқсат жоқ": Қоғамдық тамақтану орындарына қойылатын талап қандай

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгінгі онлайн-бриифинг барысында Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин 25 мамырдан бастап жұмысы жанданатын қоғамдық тамақтану орындарына қойылатын талапты айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: pixabay.com

Фото: pixabay.com

Бекшиннің сөзінше, ең басты талаптар сол күйі қалады. Яғни қоғамдық тамақтану орындарында ешқандай банкет, ауызашар, ұжымдық отырыстар жасауға болмайды.

Нысандар 23.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал жұмыстың басталу уақыты белгіленбеген.

Сонымен қатар үстелдер арасындағы арақашықтық екі метрден кем болмауы керек. Ал үстел басында төрт адамнан артық отырмау қажет. Тек бір отбасының мүшелеріне ғана жеңілдік берілуі мүмкін.

Ал қызметкелерге қойылар талапқа келсек, олар маска тағып қолғап киіп жүруге міндетті. Әрбір клиенттен кейін залалсыздандыратын заттармен үстелдің үстін сүртіп шығуға тиісті.

Сондай-ақ әлеуметтік арақашықтық сақталу керек. Респираторлық аурулар белгісі бар қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді.

"Асханада өз-өзіне қызмет ету қағидасын алып тастадық. Дайын тағамдарды қызметкерлер өздері әкеп береді", - деп атап өтті Бекшин.

Еске сала кетейік, бұған дейін 25 мамырдан бастап Алматыда алаңы 500 шаршы метрден асатын сауда нысандары, қонақүйлер (хостелдерді қоспағанда), сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру нысандары жұмысын бастайтынын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Банкет жасауға рұқсат жоқ": Қоғамдық тамақтану орындарына қойылатын талап қандай