Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Димаш әлемді өзгертіп жатыр": Қытайлықтар әншінің туған күніне 2780 ағаш отырғызды (фото)

Опубликовано:

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген 24 мамыр күні 26 жасқа толады. Осыған орай, әншінің қытайлық фан-клубы "Димаш" атты 2780 ағаш отырғызған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Димаш әлемді өзгертіп жатыр": Қытайлықтар әншінің туған күніне 2780 ағаш отырғызды
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash: Twitter

Димаш Құдайбергеннің қытайлық табынушылары аспан асты елінің солтүстік-батысындағы шөл даланың шекарасында 2 780 ағаш отырғызып, оған сүйікті әншілерінің есімін берген.

"Димаш Құдайбергеннің 26 жасына арнайы сыйлық. Dears Қытайдың солтүстік-батысындағы шөл даланың маңына құмды тоқтату және желдің әсерін азайту, сондай-ақ, қоршаған ортаны жақсарту үшін "Димаш" атты 2780 ағаш екті", - деп хабардер етті әртістің фан-клубынан.

Әншінің тыңдармандары отырғызылған ағаштар аймақты желден, құм боранынан сақтайды деп үміттенеді.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген 1994 жылы 24 мамыр күні Ақтөбе қаласында дүниеге келге. Оның ата-анасы ерекше даусымен қазақ еліне танымал Қанат-Света Айтбаевтар.

Ал дүниежүзін ғажайып даусымен таңдай қақтырып жүрген Димаш ән айтып қана қоймай, футболды да жақсы ойнайды.

Мәселен желіде өнер иесінің бір орында тұрып, допты жерге түсірмей теуіп жатқан сәтінен видео тарады. Өзін жаңа қырынан танытқан талантқа жұрт сүйсініп, оның қабілетін жоғары бағалаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1857066-dimas-lemdi-zgertip-zatyr-kytajlyktar-nsini-tugan-knine-2780-agas-otyrgyzdy/

pixel