Выйти
RU

БАҚ: Пәкістандағы ұшақ апатынан аман қалған жолаушылар бар

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

22 мамыр күні Пәкістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Бортында жүздеген адамы бар әуе лайнері тұрғын үйдің үстіне құлаған. Көп ұзамай жантүршігерлік апаттан аман қалған жолаушылар бар екені белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

БАҚ: Пәкістандағы ұшақ апатынан аман қалған жолаушылар бар

Видеодан кадр: twitter.com/aamir721

Пәкістандық БАҚ-қа сілтеме жасаған РИА Новости ұшақ апатынан аман қалғандардың бар екенін хабарлады.

Басылым қайғылы апаттан кем дегенде бес адам қайтыс болғанын жазады.

Бұл жайтқа қатысты елдің премьер-министр Имран Хан пікір білдірген. Ол ұшақ апаты фактісі бойынша тергеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді.

Саясаткердің сөзінше, оқиға орнына әуе компанияның бас директоры аттанған.

Geo News телеарнасының Азаматтық авиация басқармасындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлауынша, жолаушылар ұшағы қонуға аз уақыт қалғанда әуежай маңына құлаған. Алдын ала ақпарат бойынша, ұшақ бортында 98 адам болған. Олардың 91-і жолаушы, жетеуі - экипаж мүшесі. Қазір оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Әуе апатының орнына Пәкістан әскерінің жедел әрекет ету күштері, құтқарушылар, Азаматтық авиация органдарының қызметкерлері келіп жатыр.

Апатқа ұшыраған Airbus A-320 ұшағы Лахордан Карачи қаласына бағыт алған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БАҚ: Пәкістандағы ұшақ апатынан аман қалған жолаушылар бар