Выйти
RU

Алматыда "10 жасар қызды сайға қарай шақырды" деп күдіктелген азамат ұсталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда "10 жасар қызды сайға қарай шақырды" деп күдіктелген ер адам ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Еске сала кетейік, бұған дейін оңтүстік астананың тәртіп сақшылары кәмелет жасына толмаған қыз баланы "сайға қарай шақырған" ер азаматты іздестіріп жатқанын хабарлаған едік.

Бұған оқиға куәгерінің әлеуметтік желідегі хабарламасы себеп болған.

Оның жазуынша, жұмысынан үйіне қайтып келе жатқанда оқушының жанында бөтен ер азаматтың тұрғанын байқаған. Ал өз кезегінде қыз бала ер адамды танымайтынын, оның өзінен жол көрсетуді сұрағанын жеткізген.

Бейтаныс азаматты жөніне жіберген соң оқиғаны баяндаушы жігіт қыз баламен әңгіме барсында одан әлгі ер адамның оқушыны "сайға қарай шақырған" естіген.

Желі қолданушысының хабарламасынан кейін 21 мамырда түнде Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері күдікті азаматты ұстаған.

Оның тұрғылықты мекен жайы жоқ екені анықталған.

"Ол біздің бөлімшеге жеткізілді. Біз кішкентай қыздың анасын шақырдық, ол қызына тиіспегенін және зорлық-зомбылық фактілері жоқ екенін айтты. Ал ұсталған адам өз кезегінде баладан сағат сұрағанын айтып, ақталды. Десек те, іс жүргізу барысында бәрін анықтап, құқықтық баға береміз", - дейді Жетісу аудандық полиция бөлімінің бастығы Дархан Мұсанов.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда "10 жасар қызды сайға қарай шақырды" деп күдіктелген азамат ұсталды
Mailfire view pixel