Выйти
RU

БАҚ: Пәкістанда апат болған жолаушылар ұшағындағы 107 адамның барлығы қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін Пәкістанның Карачи қаласында апатқа ұшыраған Airbus A320 ұшағының бортында 107 адамның болғаны белгілі болды. Алайда олардың ешқайсысы тірі қалмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Кадр видеодан

Кадр видеодан

Жүздеген адамның қайтыс болғаны жайлы Карачи мэрі Васим Ахтар мәлімдеген.

Басылымның мәліметінше, ұшақ қала шетіндегі халық тығыз орналасқан тұрғын үй ауданының территориясына құлаған.

Васим Ахтардің сөзінше, апат салдарынан кемінде бес-алты үй қираған. Дегенмен ұшақ апатынан нақты қанша қала тұрғынының зардап шеккені әзірге белгісіз.

Азаматтық авиация өкілдері құлаған әуе кемесінің ұшқышы апаттың алдында диспетчерлермен хабарласып, қозғалтқыштырдың бірі кенет істен шыққанын айтқан.

Ұшақ капитаны әуе кемесі құламай тұрып, жерге қонбақ болған.

Куәгерлер Airbus A320 апатқа ұшырамай тұрып, шын мәнісінде екі-үш рет қонуға талпынғанын айтады.

Айта кетейік, елдегі қайғылы жағдай байланысты Пәкістан премьер-министрі Имран Хан Twitter-дегі парақшасында пікір білдіріп, марқұмдардың жақындарына көңіл айтты.

Сонымен қатар үкімет басшысы тез арада тергеу жүргізілетінін де жеткізді.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БАҚ: Пәкістанда апат болған жолаушылар ұшағындағы 107 адамның барлығы қайтыс болды