Выйти
RU

Онкологтар 30 жастағы қыз-келіншектердің жатыр мойыны обырына шалдығып жатқанын айтып, дабыл қақты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық онкологтар 9-11 жас аралығындағы қыздарға жатыр мойыны обырына қарсы вакцинаны салдыруға үндеді. Өйткені нәзік жандылар арасында аурудың осы түрі көбейіп барады екен. Мамандар ерте бастан салынған екпе қауіпті дерттің алдын алуға көмектесетінін айтуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Вакцинаның өзі "папиллома вирусына қарсы" деп аталады.

Зерттеулер көрсеткендей, жатырдың қатерлі ісігіне шалдыққан қыз-келіншектердің бәрінен бірдей осы вирус анықталған. Яғни, қауіпті дерттің басты қоздырғышы осы таяқшалар.

Ал екпе тек 9-11 жас аралығындағы қыздарға салынады. Себебі, дәрігерлердің мәліметінше, елімізде көп жағдайда 13 жастан бастап қыздар жыныстық қатынасқа түседі. Ал ол кезде вакцина тиімсіз екен. Айта кету керек, екпе тек ата-ананың қалауымен жасалады әрі тегін.

"Мәжбүрлеу жоқ" деген дәрігерлер статистиканы алға тартады. Айтуларынша, былтыр екі мыңға жуық әйел жатыр мойыны обырымен ауырса, 600-і көз жұмған.

"Тексеруге келген әйелдердің кемі біреуінен міндетті түрде жатыр мойыны қатерлі ісігі анықталады. Бұрын 60-тан асқан әйелдер ауыратын. Қазір 30 жастағы қыз-келіншектер осы ауруға шалдығуда. Вакцинадан ат-тонын ала қашатын ата-аналарға айтарымыз, қыздарыңыздың денсаулығын ойланыңыздар. Бұл атүсті қарайтын мәселе емес", - дейді еліміздің бас онкологы Диляра Қайдарова.

Тағы да оқыңыздар

Дұрыс тамақтану ережелері

Дереккөз КТК арнасы

Айта кетейік, бұған дейін қатерлі ісікті жүктілікпен шатастырып алған Ұлыбритания тұрғыны аман қалғанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Онкологтар 30 жастағы қыз-келіншектердің жатыр мойыны обырына шалдығып жатқанын айтып, дабыл қақты