Выйти
RU

Пәкістандағы ұшақ апаты: Билік кемінде 90 адамның қаза болғанын растады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Пәкістанның оңтүстігінде болған ұшақ апатынан кемінде 90 адам қаза болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Коллаж: NUR.KZ. Виеодан кадр: twitter.com/Nouman_Writes , youtube.com/Unwanted Engineer

Коллаж: NUR.KZ. Виеодан кадр: twitter.com/Nouman_Writes , youtube.com/Unwanted Engineer

Bol news телеарнасының елдің авиация министрі Гулам Сарвар Ханаға сілтеме жасап хабарлауынша, жерде бірнеше көлік пен бес үй қирап қалған.

Пәкістанның азаматтық авиация басқармасы өкілінің мәліметінше, Airbus А320 бортында 91 жолаушы мен жеті экипаж мүшесі болған.

Синд провинциясының билігі әуе апатынан кемінде екі адамның тірі қалғанын және жердегі адамдардың зардап шеккенін мәлім етті.

Еске сала кетейік, Airbus А320 Лахор қаласынан Карачиге бағыт алған. Flightradar24 қызметінің мәліметінше, ұшақ көкке көтерілгеннен кейін жарты сағаттан кейін қонуға талпынған. Алайда бұдан нәтиже шықпаған. Кейін әуе кемесі радардан жоғалып кетіп, әуежай маңындағы тұрғын үй кешеніне құлаған.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та ұшақ апатынан тірі қалғандар жайлы мәлімет шыққан болатын. Алайда бұл деректерді ресми түрде ешкім растамады.

Кейінірек әуе апатынан ешқандай адамның тірі қалмағанын 100-ден аса адамның көз жұмғаны туралы да ақпарат тарады.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Сонымен қатар елдегі қайғылы жағдай байланысты Пәкістан премьер-министрі Имран Хан Twitter-дегі парақшасында пікір білдіріп, марқұмдардың жақындарына көңіл айтқан еді. Сонымен қатар үкімет басшысы тез арада тергеу жүргізілетінін де жеткізген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пәкістандағы ұшақ апаты: Билік кемінде 90 адамның қаза болғанын растады