Выйти
RU

Елорда тарихында алғаш рет соңғы қоңырау онлайн режимде өтеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

25 мамырда еліміз бойынша барлық мектепте оқу жылы аяқталады. Биыл пандемия кезінде қашықтан оқу форматына байланысты мемлекеттік қорытынды емтихандар болмайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Жылдық қорытынды бағаны қою үшін мектептерде бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау жүргізілді. Бұл туралы кеше өткен брифинг барысында елордалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мәлімдеді.

"Бүгін 22 мамырда 11:00-де «Балапан» және «Еларна» арналарында 11 сынып бітірушілердің кәсіби бағдары бойынша телесабақ өтеді. Биыл мектеп бітіру шаралары «Birgemiz: Түлек – 2020» ұранымен өтеді. 25 мамырда сағат 11:00-де барлық мектептерде ата-аналар, қамқорлық кеңесінің мүшелері, мектептің үздік түлектері, бизнес өкілдерінің қатысуымен 1-10 сыныптарға арналған онлайн-соңғы қоңырау өтеді. Асхат Аймағамбетовтың құттықтауы болады" , - деді ол.

3-маусымда мектептерде 11 сынып түлекеріне аттестат пен «Алтын белгі» табыстау салтанаты өтеді. Жиын мектептің ауласында ашық аспан астында санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі. Түлектер мектеп формасымен қатысу туралы ескертілді. Салтанатты жиыннан соң «Түлектер аллеясында» ағаш отырғызу жоспарлануда.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

"Мектеп әкімшілігіне мейрахналар мен дәмханаларда мектеп бітіру кешін өткізу кезінде құқық бұзушылыққа жол бермеуге міндеттелді" , - деді басқарма басшысы.

Осы жылы елорда мектептерін 6 515 түлек бітіреді. Оның 6 199-ы немесе 95 % ҰБТ тапсыруға өтініш білдірді. ҰБТ санитарлық нормаларды сақтай отырып, 20 маусым мен 5 шілде аралығында ұйымдастырылады. Тест тапсыру уақыты 3 сағат 50 минут, ол екі бөлімнен тұрады – үш міндетті пән (20 тапсырма) және бейіндік пән (30 тапсырма).

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елорда тарихында алғаш рет соңғы қоңырау онлайн режимде өтеді