Выйти
RU

COVID-19 ауыр формасы, өкпесі зақымданған: БАҚ Қадыровтың жағдайы туралы (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейлік БАҚ бұған дейін Мәскеудегі емханаға жеткізілген Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтан аса ауыр формадағы коронавирус инфекциясы анықталғанын жазуда. Қауіпті вирус оның өкпесін зақымдаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Рамзан Қадыров. Фото: YouTube/видеодан кадр

Рамзан Қадыров. Фото: YouTube/видеодан кадр

"Телеграм" желісіндегі "Baza" арнасының хабарлауынша, дәрігерлер соңғы екі-үш аптада Қадыровтың ағзасындағы инфекцияның белсенділігі артқанын мәлімдеген.

Шешенстан басшысы коронавирусты үш апта бұрын Эпендиев атындағы ауруханаға барғанннан кейін жұқтырған болуы мүмкін деген болжам бар. Ол кезде Қадыров COVID-19 вирусынан емделіп жатқан Урус-Мартанов ауданының басшысы Валид Абдурешидовтың қалын сұрауға барған болатын.

Рамзан Қадыровтың YouTube-арнасындағы видеодан республика басшысы науқаспен жеке кездескенін көруге болады. Олар түсірілім тобы мен медициналық мекеме қызметкерлерінің көзінше сөйлесіп, құшақтасқан.

Бұл уақытта Қадыровтың қорғаныс бетпердесі болғанымен, ол сақалын ашық қалдырған. Оған қоса, "телеграм" арнасы Шешенстан басшысы көзілдірік кимей, қорғаныс киімін үстіне асығыс іле салғанын атап өтті.

Белгілі болғандай, Рамзан Қадыров бұл кездесуден кейін бір аптадан соң, өзін жайсыз сезінген. Алайда, ол алдымен тұмауратып қалдым деп ойлап, дәрігерлер көмегіне жүгінбеген. Тағы біраз уақыттан кейін оны жедел түрде ауруханаға жеткізді.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Желідегі хабарламаға сәйкес, қазіргі таңда Қадыровтың жағдайы аса ауыр деп бағалануда.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
COVID-19 ауыр формасы, өкпесі зақымданған: БАҚ Қадыровтың жағдайы туралы (видео)