RU

Ақтөбеде шалғайдағы ауыл тұрғыны үйінде жатып вирус жұқтырды

Ақтөбе облысы Ойыл ауданының тұрғыны қауіпті індет жұқтырды. Дәрігерлер науқастың инфекцияны қайдан жұқтырғанын анықтау үшін оның барлық туыстары мен таныстарын тексеруге алды. COVID-19 анықталған 59 жастағы ер адам еш жерге қыдырып бармаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"Науқас ауруханада ем алып жатыр. Ойыл ауданы орталығының тұрғыны, ешқайда бармаған. Десе де жалғыз тұрмайды. Туыстарының арасында қаламен қатынаста болғандар бар. Қазір науқастың таныстары мен тума-туыстарының арасында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың кіммен байланыста болғаны әзірге белгісіз",- дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Апта соңында облыстың аудандарынан да індет жұқтырғандар анықталып жатыр. 22 мамыр күнгі мәлімет бойынша Індет жұқтырған 10 адамның біреуі 52 жастағы Қандыағаш қаласының тұрғыны.

Соңғы анықталған он адамның екеуінен инфекция скрининг кезінде анықталса, төртеуі профилактикалық мақсатта тексерілген. Бір адам осыған дейін коронавирусты жұқтырған адаммен жақын қарым-қатынаста болған және тағы екі пациент дене температурасының жоғарылауы және ЖРВИ симптомдарының пайда болуына байланысты дәрігерге қаралу кезінде анықталған. Бір пациент Санкт-Петербургтен «Жайсан» СКП шекаралық бақылауы арқылы өтіп, карантиндік стационарға жатқызылған және COVID-19-ға тексерілген.

Қазіргі уақытта науқастардың бәрі де жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылды, жағдайлары қанағаттанарлық. Облыста індет жұқтырғандар саны 252-ге жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1857117-aktbede-salgajdagy-auyl-trgyny-jinde-zatyp-virus-zktyrdy.html