Выйти
RU

Астаналықтар өз-өзін оқшаулаудың әлемдік рейтингінде ең нашар көрсеткіш көрсетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан тұрғындарының көп бөлігі карантин мен өз-өзін оқшаулау талаптарын назарға алмай жүр. Нәтижесінде елордалықтар өз-өзін оқшаулау режимін бұзу бойынша әлемдегі ірі 42 қаланың ішінде ең жоғары көрсеткіш көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астаналықтар өз-өзін оқшаулаудың әлемдік рейтингінде ең нашар көрсеткіш көрсетті

Көрнекі фото: NUR.KZ

Өз-өзін оқшаулау рейтингі Яндекстің арнайы қызметінде жарық көрді. Қызмет көшеде қанша адам жүргенін анықтайды. Бұл көрсеткіш қала тұрғындарының пандемияға дейінгі белсенділігімен салыстырылады.

21 мамыр, бейсенбі күні қала көшелерінде тұрғындардың пандемияға дейінгі белсенділігінің 77 пайызы тіркелді. Бұл өз-өзін оқшаулау индексі көрсеткішінің екі жоғары нәтижесі болды. "Өз-өзін оқшаулау режимін бұзушылардың" үздік бестігіне израильдік Тель-Авив және Әзербайжан, Беларусь, Армения астаналары енді.

Айта кетейік, рейтингте Қазақстаннан тек Нұр-Сұлтан қаласы көрсетілген. Қызмет нәтижелеріне сәйкес, Мехико мен Мумбаи қаласының тұрғындары өз-өзін оқшаулау талабын ұстанушылардың үздігі атанды.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе облысы Ойыл ауданының тұрғыны қауіпті індет жұқтырды. Дәрігерлер науқастың инфекцияны қайдан жұқтырғанын анықтау үшін оның барлық туыстары мен таныстарын тексеруге алды. COVID-19 анықталған 59 жастағы ер адам еш жерге қыдырып бармаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Астаналықтар өз-өзін оқшаулаудың әлемдік рейтингінде ең нашар көрсеткіш көрсетті