Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында карантин режимі жеңілдеді

Опубликовано:

Маңғыстау облысы бас санитар дәрігерінің қаулысымен өңір аумағында карантин шаралары жеңілдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында карантин режимі жеңілдеді
Көрнекі фото: NUR.KZ: Twitter

Өңірдің Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың қаулысымен карантин және шектеу шаралары 2020 жылғы 25 мамырдан бастап Маңғыстау облысының эпидемиологиялық жағдайы тұрақталғанға дейін ұзартылады.

Қарақия ауданының Құрық ауылына және Түпқараған ауданының Форт-Шевченко ауылына кіретін жолдарды қоспағанда, мемлекеттік шекарада, көршілес облыстармен шекарада және полицейлер, әскери қызметшілер, медицина қызметкерлері қатарынан қалалар/аудандар айналасында байланыссыз термометрия жүргізу үшін блок-бекеттер жұмысын жалғастырады. Полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерді тарта отырып, COVID-19 ауруы тіркелген ауылдық елді мекендер қоршалады;
Жазғы алаңы бар ашық ауада, сондай-ақ ғимарат ішінде жұмыс істейтін жалпы сыйымдылығы 30 орынға дейінгі қоғамдық тамақтану объектілеріне санитариялық-эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін (би алаңысыз) жұмыс істеуге рұқсат етілген;
Сауда-ойын-сауық орталықтары сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қоғамдық тамақтану және ойын-сауық қызметтерін (кинотеатрлар, ойын алаңдары, фуд-корттар, мұз айдындарын) іске қоспай жұмыс істей алады;
Халыққа қызмет көрсету нысандары (көшедегі балалар аттракциондары және басқа да объектілер) сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін адамдардың көптеп жиналуы, ұзақ әрі тығыз байланыс орнатуы болмаған жағдайда және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып ашылады;
Барлық меншік түріндегі спорт нысандары (фитнес, йога) бассейндерсіз, адамдарды тек 30%-ға дейін қабылдаумен, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмысын қайта бастайды;
Мал базарлары сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қызмет көрсетеді;
Бейнеу ауданын қоспағанда, халыққа қызмет көрсету орталықтары халықтың көптеп жиналуына жол бермеу және кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында алдын ала жазылу бойынша, электронды кезекпен және басқа да шаралар арқылы жұмыс істейді.

Карантин шараларының режимі мен мерзімдері COVID-19 коронавирус инфекциясының таралу жағдайының өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында карантин режимі 15 маусымға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857147-magystau-oblysynda-karantin-rezimi-zeildedi/

pixel