Выйти
RU

Қазақстанның бірқатар өңірінде күн 40 градус ыстық болады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан синоптиктері алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның бірқатар өңірінде күн 40 градус ыстық болады

Көрнекі фото: pixabay.com

Аптап ыстық Қазақстанның тек оңтүстігінде емес, солтүстік өңірінде де күтіледі. Атап айтқанда, Павлодар облысында термометр бағаны 35-38 градусқа дейін жоғарылайды.

Өңірде 25 және 26 мамыр күні температура көтерілуіне байланысты дауылды ескерту жарияланды.

Ал Маңғыстау облысында синоптиктер 25 және 26 мамыр күндері 42 градус ыстық болады деп болжап отыр. Облыс орталығы Ақтау қаласында жел секундына 20 метр ұйытқиды.

43 градусқа дейінгі ыстықта күшті жел мен шаңды боран Қызылорда облысында да болады. Синоптиктердің айтуынша, 24 мамыр күні өңірде жел секундына 28 метрге дейін ұйытқиды. Түркістан облысында да мамандар 40 градус ыстықты болжап отыр. Бұл өңірлердің барлығында ауа температурасының бірден көтерілуіне байланысты дауылды ескерту жарияланды.

Айта кетейік, бірінші мамыр күні Өзбекстандағы Сардоба су қоймасы бөгетінің жарылуы салдарынан бірқатар өзбекстандық және қазақстандық ауылдар су астында қалып қойды. Көршілес елдің бас прокуратурасы іс бойынша бірінші күдіктілерді құрықтады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанның бірқатар өңірінде күн 40 градус ыстық болады
Mailfire view pixel