RU

Бір тәулікте 403 науқас: Елде коронавирус жұқтырғандар саны 8300-ден асты

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырған 403 адам тіркелді. Осылайша, елде COVID-19 инфекциясы расталғандар саны 8322-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Тағы 403 адам тіркелді: Елде коронавирус жұқтырғандар саны 8300-ден асты
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Қазақстанда өткен тәулікте 403 адам коронавирус дертімен ауырғаны белгілі болды.

Өсім 5,1% құрады.

Аймақтар бойынша:

Алматы қаласы – 97 (4,7%)

Қарағанды облысы – 90 (19,1%)

Нұр-Сұлтан қаласы – 58 (3,8%)

Шымкент қаласы – 33 (5,7%)

Түркістан облысы – 33 (11,8%)

Атырау облысы – 22 (2,6%)

Ақтөбе облысы – 18 (7,1%)

Батыс Қазақстан облысы – 16 (4,3%)

Жамбыл облысы – 10 (4,0%)

Алматы облысы – 6 (2,2%)

Солтүстік Қазақстан облысы – 6 (15,0%)

Қызылорда облысы – 5 (1,8%)

Қостанай облысы – 5 (4,3%)

Маңғыстау облысы – 2 (1,2%)

Шығыс Қазақстан облысы – 2 (3,3%)

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 8322 болды.

Айта кетейік, Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың 80 пайызға жуығы емделіп шықты.

Күні кеше Қызылорда облысында коронавирус дертінен тағы 4 науқас емделіп шықты. Олардан емі толық аяқталған соң 2 рет тест сынамасы алынды.

"Сынама нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетті. Науқастар сырқатынан айығуына байланысты ауруханадан үйлеріне қайтарылды. Дертті жеңген 4 науқас - Қызылорда қаласының тұрғыны. Емделушілер алдағы уақытта 14 күн бойы аймақтық дәрігерлер бақылауында болады", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1857177-bir-tulikte-403-naukas-elde-koronavirus-zktyrgandar-sany-8300-den-asty.html