Выйти
RU

Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мейрамымен құттықтады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Елбасы сайтына сілтеме жасап.

Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мейрамымен құттықтады

Фото: Елбасы сайты

Құрметті отандастар!

Баршаңызды мұсылмандардың қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын!

Рамазан айының аяқталғанын білдіретін бұл мейрам исламның ең басты рухани құндылықтары – жақсылықты, кең пейілділік пен мейірімділікті дәріптейді.

Ислам бәрімізді бейбітшілікке, бірлік пен тұрақтылыққа шақырады. Бұл құндылықтар мұсылман үмбетімен бірге барлық дін өкіліне жақын. Сондықтан біздің елімізде Ораза айт діни сеніміне қарамастан күллі қазақстандықты біріктіре түседі.

Осы дәстүрлерді одан әрі нығайту, адамгершілік құндылықтарды бағалай білу маңызды. Бұл – Қазақстанның тұрақты және сенімді дамуының негізі.

Мереке күндері жақсы істер жасалып, жақын адамдарға қамқорлық, мұқтаж жандарға қолдау көрсетіледі. Мейрам қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға септігін тигізеді.

Осынау қастерлі күн секілді біздің өміріміз де игі істерге, ізгі ойлар мен мейірімділікке толы болсын.

Барша қазақстандыққа рухани күш-қуат, зор денсаулық және бақ-береке тілеймін!

Ораза айт қабыл болсын!

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мейрамымен құттықтады
Mailfire view pixel