Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстан парламентінің экс-спикері коронавирустан көз жұмды

Опубликовано:

Коронавирус инфекциясы Қырғызстан парламентінің экс-спикері Мукар Чолпонбаевтың өмірін қыршынынан қиды. Саясаткердің бұрыннан келе жатқан аурулары оның жағдайын одан бетер ушықтырып жіберген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мукар Чолпонбаев. Фото: Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі
Мукар Чолпонбаев. Фото: Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі: UGC

Мукар Чолпонбаевты бесінші мамыр күні Бішкек қаласындағы инфекциялық ауруханаға жатқызған болатын. Алайда, бұрынғы спикердің дерті жөнінде көпшілік тек он күннен кейін бір-ақ білді. Бұл туралы 24.kg басылымы хабарлады.

Кеше, 23 мамыр күні оның денсаулығына қатысты жақсы жаңалық келіп түсті. Саясаткердің қызы Нуриля әкесінің жағдайы жақсарып келе жатқанын хабарлаған болатын. Алайда, ол кезде де Чолпонбаевтың жағдайы ауыр болды. Ол жасанды тыныс алу аппаратының көмегімен демалып жатқан.

Бүгін Чолпонбаевың қайтыс болғаны белгілі болды. Бұл туралы Жогорку Кенеш басшы орынбасары мәлімдеді. Оның сөздерін мемлекеттік денсаулық сақтау министрлігі растады.

Басылымның мәліметтеріне сай, саясаткер коронавирус салдарынан екі жақты пневмония мен тыныс алу жеткіліксіздігіне тап болған. Оған қоса, науқас онсыз да жүрек, бүйрек мен қантамырлары ауруларына шалдыққан болып шықты.

Ауруханаға түскен соң, экс-спикердің жағдайы нашарлап, оны жансақтау бөліміне ауыстырған. Ол бүгін жергілікті уақытпен сағат 12:10 шамасында қайтыс болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857199-kyrgyzstan-parlamentini-eks-spikeri-koronavirustan-kz-zmdy/

pixel