RU

Вайнер Мейіржан Төребаевтың отбасы бесінші сәбимен толықты

Әлеуметтік желіде асқан танымалдылыққа ие болған әзілкеш Мейіржан Төребаевтың отбасында қуанышты жағдай орын алды. Белгілі вайнердің жары бесінші сәбиін дүниеге әкелді. Ерлі-зайыптылар тағы да ұлды болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/dana_yesseyeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/dana_yesseyeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бақыттан басы айналған көпбалалы әке қуанышты жағалығымен бірден желіде бөліскен. Мейіржан Төребаев Instagram парақшасында оқырмандарынан сүйінші сұрап, балалы болғанын жария салды.

"Барша құттықтаулар мен қолдауларыңызға үлкен рахмет. Дана сағат 11:30-да босанды. Әжесі ұлымызға "Жантөре" деген есім берді" , - деп жазды ол.

Танымал әзілкеш пен оның жары енді бес баланың ата-анасы атанды. Олардың дүниеге енді келген сәбиінен басқа, тағы үш ұлы мен бір қызы бар.

Желі қолданушылары желі жұлдыздарын жарыса құттықтап, өз ақ тілектерін жаудырып жатты.

Айта кетейік, 20 мамыр күні "Кешью" тобының бұрынғы әншісі Элизат Берікова екінші сәбиін дүниеге әкелген болатын. Өнер иесінің жары қасиетті айда өмір есігін ашқан ұлына Рамазан деген ат қойған.

Оған қоса, карантин уақытында да бірқатар өнер жұлдыздары да сәбилі болды. Мамыр айының басында Ғаділбек Жаңай ұлды болса, Нұржан Керменбаев көпбалалы әкелер қатарын толықтырды. Ол екі ұлдан кейін қызды болған.

Сонымен қатар, биыл 39 жастағы Дильназ Ахмадиева алғаш рет ана атанған болатын. Ол жұбайына ұл бала сыйлаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1857200-vajner-mejirzan-trebaevty-otbasy-besinsi-sbimen-tolykty.html