RU

Алматы облысында 2020 жылы туған сәби коронавирус жұқтырған

Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 284 адамға жетті. Бүгін өңірден қауіпті вирус тағы алты адамнан анықталған. Олардың арасында 2020 жылы туған сәби бар болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Алматы облысында коронавирус инфекциясының тағы 6 жағдайы тіркелді. Белгілі болғандай, Талдықорған қаласы мен Ескелді және Талғар аудандарының әрқайсысында 2 жағдайдан анықталған.

"1950, 1989, 1989, 1995, 1996, 2020 жылы туған 6 пациенттің барлығы белсенді анықталған, 4-уі бұған дейін коронавируспен ауырғандармен байланыста болғандар, екеуінің сырқаты профилактикалық тексерілуі барысында белгілі болды" , - делінген хабарламада.

Науқастардың барлығы оқшау орналастырылып, қазір инфекциялық бөлімге ауыстырылған. Эпидемиологиялық зерттеулер жалғасуда.

24 мамырдағы жағдай бойынша өңірде коронавирус жұқтырғандардың саны 284 адамға жетіп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Талдықорған қаласының толығымен карантинге жабылатыны жөнінде жазған болатынбыз. Қала әкімдігі ел арасында тарап кеткен ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1857212-almaty-oblysynda-2020-zyly-tugan-sbi-koronavirus-zktyrgan.html