RU

Біртанов: Коронавирус жұқтырғандардың 60 пайыздан астамында ауруы белгілері байқалмады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирустық инфекцияға тестілеу қалай жүргізіліп жатқаны жайлы айтты. Оның сөзінше, анықталған жағдайлардың көпшілігінде ауру белгілері байқалмаған деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап.

"Ауру жұқтырғандардың 60%-ының ауруы еш белгілерсіз дамыған": Елжан Біртанов

Фото: NUR.KZ: Original

Денсаулық сақтау министрі "Еурзаия" бірінші арнасының "Аналитика" бағдарламасына берген сұхбатында коронавирус тақырыбына тоқталды.

Елжан Амантайұлының айтуынша, КВИ-де қанша сынақ жүргізілсе, соншалықты еш ауру белгілерінсіз жағдайлар анықталып жатыр.

Бұл адамдар аурудың алдын алу мақсатында жасалған тестілер арқылы анықталған атап өтілді.

Министрдің сөзінше, басты қауіп - кейбір адамдар коронавирус жұқтырғанымен ешқандай ауруы белгілерін сезінбеуінде.

Біртанов қазақстандықтарды еркінсіп кетпеуге шақырды.

Министрдің айтуынша, коронавирус жұқтырып алмас үшін барлық қажетті санитарлық нормаларды сақтауды жалғастырған жөн.

Тағы да оқыңыздар

iHerb-тен өнім сатып алу арқылы өз ақшаңызды қалай үнемдеуге болады?

Әсіресе жұмысқа қайта оралғандар.

Себебі талап бұзылса, жаңа ауру ошағы пайда болып, ал одан кейін жаңа карантин шаралары енгізілуі мүмкін.

Еске салсақ, 24 мамырда елімізде коронавирусты жұқтырудың 8322 жағдайы тіркелді.

35 адам жұқпалы аурудың құрбаны болса, 4352 пациент жазылып шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Біртанов: Коронавирус жұқтырғандардың 60 пайыздан астамында ауруы белгілері байқалмады