Выйти
RU

Шымкентте карантин ұзартылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шымкентте карантин шаралары 8 маусымға дейін созылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 24 мамырдағы қаулысымен қала аумағында карантин және шектеу іс-шаралары 8 маусым сағат 00:00-ге дейін ұзартылған.

Қаулыға сәйкес қалада екі және одан да көп адамға маска тағып, екі метр қашықтықты сақтап серуендеуге рұқсат етілді.

Сондай-ақ, тұрғындарға саябақтарға, алаңдарға, жағалауларға да баруға болады. Бірақ үш адамнан аспайтын топ болу керек. Сонымен қатар қашықтық сақтау міндетті.

Ал қоғамдық орындарға, соның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметі рұқсат етілген нысандарға барған кезде маска, қолғап кию және антисептиктерді пайдалану сияқты талаптарды қатаң сақтау қажет.

Сонымен қатар, отбасылық мерекелерді, әдет-ғұрыптарды және өзге де іс-шаралар мен қызмет көрсетулерді өткізуге тыйым салынған.

Кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдар меншік нысанына қарамастан, қызметкерлері мен келушілердің карантин талаптары мен шектеу іс-шараларын сақтауын қатаң бақылауды қамтамасыз етуге міндетті.

Еске сала кетсек, соңғы дерек бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 8531-ге жетті. Олардың 606-сы Шымкент қаласынан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шымкентте карантин ұзартылды